КІРІСПЕ
Мектептің миссиясы
ЖШС «Яссауи» білім беру мектебінің миссиясы: Біз әр баладан көшбасшы дайындаймыз.
Бұл саясат колледж қызметтерінің барлық тұтынушылары үшін бағдар болуға арналған және сапа жүйесін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі құжат болып табылады.
Мақсаттары:
·Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаның білім алу қажеттілігін, дағдысын қалыптастыру;
·Білім беру сапасын жоғары деңгейге көтеру;
·Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті, жеке тұлға қалыптастыру;
·Білім беруді басқаруды одан әрі ізгілендіру және нығайту;
·Білім мазмұнын жаңалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын дамытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың білім сапасының көтерілуіне ықпал ету;
·Оқушылардың ғылыми жоба жарыстарына пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ете отырып, дарынды тұлғаны дамыту;
·Мектептің білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында, материалдық-техникалық базаны жақсарту;
Мектеп көрінісі
Яссауи мектебі ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты, типтік оқу бағдарламасы, ҚР «Білім туралы», ҚР «Тіл туралы» заңы, ҚР «Еңбек туралы» заңы, ҚР Конституциясы, ҚР «Бала құқықтары туралы декларациясы», ҚР «Педагог кадрларды аттестаттау» ережесі, 1 жылдық білім беру тұжырымдамасы, т.б. әдістемелік құжаттамаларды басшылыққа ала отырып жұмыстануда.
Мектеп заман талабына сай барлық құрал-жабдықтар мен жабдықталған. Материалдық базасы толық қамтылған. Әкімшілік пен мәжіліс залы, спорт залы, асхана, шеберханалар орналасқан. Мектеп ауласында спорт алаңы толықтай жасақталған.
Мектептің миссиясы стратегиямен толық байланысты, өңірді, елді, ұлттық білім беру жүйесін дамыту міндеттеріне сәйкес келеді.
2. Ағымдағы жағдайды талдау (сыртқы және ішкі факторлар)
"Яссауи" жалпы білім беретін мектебі 2021 жылы 25 мамырда ашылды.
Мектеп келесі білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс істейді:
•мектепке дейінгі білім берудің білім беру бағдарламасы;
•бастауыш жалпы білім берудің білім беру бағдарламасы (1-4 сыныптар);
•негізгі жалпы білім берудің білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар);
•жалпы орта білім берудің білім беру бағдарламалары (10-11 сыныптар);
•қосымша білім беру бағдарламалары.
Біздің мектеп-бұл жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес сапалы білім беру қызметтерін ұсынатын заманауи білім беру мекемесі.
Мектепте кез-келген күрделіліктегі білім беру және тәрбие міндеттерін шеше алатын жоғары кәсіби ұжым жұмыс істейді.
Біз мектепте жайлы жағдай жасау үшін бар күшімізді саламыз, әр баланың әлеуетін ашуға және іске асыруға мүмкіндік беретін тыныш, мейірімді атмосфера.
Мұнда балалардың толыққанды оқуы мен денсаулығы үшін барлық жағдай жасалған. Оқушылардың қолөнермен, тігін ісімен айналысуға, өнер және спорт үйірмелеріне қатысуға мүмкіндігі бар.
Кабинеттерде-заманауи техникалық жарақтандыру. Әр сыныпта 25-тен көп емес адам оқиды. Бастауыш сынып оқушылары таңертеңнен кешке дейін (сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін) ұзартылған күн топтарында бола алады. Сонымен қатар, 1-4 сынып оқушыларына күніне үш рет тамақтану ұсынылады.
2. Сыртқы ортаны талдау:
Мектеп дамуының стратегиялық бағыттарын анықтау, өзгерістерді жоспарлау мектептің сыртқыжәне ішкі ерекшеліктерін ескере отырып іске асырылады. Сыртқы және ішкі ортаны талдау стратегиялық басқарудың маңызды бөлігі болып саналады деп көрсетілген.
Ішкі ортаны талдау:
Мектепте 600-ден астам адам оқиды. Оқу сабақтары екі ауысымда өткізіледі. Мектептің жұмыс режимі: бес күндік оқу аптасы.
Оқушылардың қызығушылықтары бойынша жұмыспен қамтылуы күннің екінші жартысында сабақтан тыс және элективті курстар, үйірмелер, спорт секциялары қамтамасыз етілді. Онда білім алушылардың 65% айналысады.
Мектеп типтік 3 қабатты ғимаратта орналасқан. Жобалық сыйымдылығы 900 адам: оқу кабинеттері – 23, 2 компьютерлік сынып; 2 қызмет көрсету және техникалық еңбек шеберханасы; спорт залы , акт залы, спорт алаңы, кәсіптік даярлау кабинеті, кітапхана, асхана (120 орындық); медициналық кабинет, дефектолог кабинеті, психолог және әлеуметтанушы кабинеті, мұғалімдер кабинеті, әдістемелік кабинет. Білім алушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға арналған Автобус.
Ұйымның күшті жақтары:
·Басқару саласындағы жаңашылдық;
·Педагог қызметіндегі жаңашылдық;
·Әдістемелік қызметтің тиімді ұйымдастырылуы;
·Педагог қызметкерлерге қойылатын құзіреттілік талаптардың орындалуы;
·Білім сапасының соңғы екі жылда өсуі (39%,42%)
·Үштік одақтың жұмысы (мектеп, ата-ана. оқушы)
·Мектептегі тәрбие бағытын дамытуға арналған жобалардың атқарылуы
Әлсіз жақтары:
·Білім беру арасындағы сабақтастықтың әлсіздігі;
·Ақпараттандырудың төмендігі;
·Оқыту сапасындағы ауытқу себептерін анықтауда мектепішілік бақылаудың әлсіздігі;
·Орыс сыныптарындағы математика, физика, ағылшын тілі, бастауыш сынып пәні мұғалімдерінің жетіспеуі;
·Кабинеттердің жетіспеушілігі;
Мүмкіндіктер:
·Мектепті дамыту, жаңашылдықпен басқару;
·Біліктілігін арттыру курстары арқылы (Онлайн, қашықтықтан оқыту, жаңартылған білім, робототехника т.б курстары) мұғалімдердің білім беру сапасын көтеру;
·Кәсіби байқауларға қатысып, үздік тәжірибе алмасуға, авторлық бағдарлама шығаруға мүмкіндіктер;
·Құзіреттілік талаптарды орындау барысында кәсіби қызметін тиімді және кепілді атқаруға;
·Білім сапасының өсуінен мектептегі үздік, екпінді оқушыларымыздың санын арттыруға, сапалы білім беруге;
·ҰБТ ға оқушыларымызды қатыстырып, грант иегерлері болуына қол жеткізу;
·Түлектердің мамандықты дұрыс таңдауы үшін көмек көрсету;
·Үштік одақтың байланысы арқылы мектепті дамытуға, қоғамдастықтың жұмысын жолға қоюға мүмкіндік жасау;
·Мектептегі тәрбие бағытын дамытуға арналған жобалар бойынша оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін жолға қою;
· Адамгершілік, патриоттық, салауаттылықтт.б құндылықтарды қалыптастыру;
Қауіптер
·Білім беру арасындағы сабақтастықтың әлсіздігінен білім сапасының төмендеу қаупі;
·Ақпараттандырудың төмендігінен сабақта заманауи құралдарды қолдану, интернет ресурстарын тиімді пайдалана алмау;
·Орыс сыныптарындағы математика, физика, ағылшын тілі, бастауыш сынып пәні мұғалімдерінің жетіспеуінен білім сапасының төмендеу қаупі;