Тіл пәндері: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті,өзбек тілі мен әдебиеті, ағылшынтілі.
Әдіс бірлестік жетекшісі: Юлдашева Дона Равшанхановна

Тілдер әдістемелік бірлестігінің тақырыбы:
«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт – білім алушыларға жаңа технологиялар негізінде сапалы білім беру».
Мақсаты:
  • Білім алушылардың оқу және оқыту барысында білімдерін, біліктіліктерін, тілдік, коммуникативті, функционалды және оқу сауаттылықтарын дамыту.
  • Бәсекеге қабілеттілікті, танымдық және шығармашылық қабілеттерін, белсенділікті арттыру, рухани құндылықтарды қалыптастыру.
  • Мұғалімдерге заманауи әдіс-тәсілдер мен технологияларды қолдану арқылы сабақтарды тиімді ұйымдастыруға, оң нәтижелерге қол жеткізуге және педагогикалық біліктіліктерін жетілдіруге ықпал ету.
  • Цифрлық және IT сауаттылықты дамыту.
Әдістемелік бірлестік жетістіктері:
  1. Юлдашева Дона Равшанхановна
  • Республикалық басылымдарда мақалалары жарияланған.
  • Мектепішілік, қалалық, республикалық, халықаралық марапаттары бар.
  • 2023 жылы 9-сынып оқушысы Мирахматова Сарвиноз «Жаңа әлемдегі – Жаңа Қазақстан оқушы көзімен» атты эссе байқауында шығармашылық жұмысын жоғары деңгейде көрсеткені үшін мақтау қағазымен марапатталды.
  • 7-сынып оқушысы Шасултанова Зиеда «Бүгінгі күннің батырлары» эссе байқауында мақтау қағазын алды.
  • Мирахматова Сарвиноз өзбек тілі пәнінен «Дарындылар додасы» олимпиадасында жеңімпаз атанды.
  1. Эгамбердиева Насибахан Шайлавбаевна
  • 2023 жылы Шымкент қаласы мұғалімдер олимпиадасында өзбек тілінен 3-орын иеленіп, мақтау қағазымен марапатталды.
  • Республикалық, қалалық басылымдарда мақалалары жарияланған.
  • 10-сынып оқушысы Ирисалиева Бахтишод «Дарындылар додасы» олимпиадасында 3-дәрежелі мақтау қағазын алды.
  1. Ирисметова Барно Анарматовна
  • Республикалық онлайн мұғалімдер олимпиадасының жеңімпазы, 1-дәрежелі диплом иегері.
  • «Ойсана» олимпиадасында оқушылары жоғары нәтижелер көрсетті.
  • Орыс тілі пәнінен дебат клубының жетекшісі.
  1. Арипханов Шарифхон Акбарханович
  • Мектеп КВН клубының жетекшісі, кәсіподақ ұйымының төрағасы.
  • Қазақ тілі пәнінен оқушылары қалалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.
  • «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы.
  1. Хасанова Покиза Асилхановна
  • Республикалық және қалалық байқаулардың жеңімпазы.
  • Оқушылары мәнерлеп оқу байқауларында жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
  1. Мирасланова Дилфуза Махмуджановна
  • Қалалық мұғалімдер сайысының жүлдегері.
  • «Әдебиеттану ғылымының биігіндегі тұлға» атты конференцияға қатысып, мақаласы жарияланды.
  1. Юлдашева Гавхар Халматваевна
  • Reo.kz олимпиадасында және басқа да байқауларда оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
  1. Маратова Зияда Миртемировна
  • Ағылшын тілі пәнінен оқушылары республикалық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.
  1. Халметова Гулноза Махмутжанқызы
  • «Педстарт» олимпиадасының жүлдегері.
  • Оқушылары республикалық зияткерлік олимпиадаларда жоғары жетістіктерге жетті.
  1. Шамансурова Мафтуна Хурсанбековна
  • Сабақтарында жаңа технологияларды қолданады.
  • Оқушылары онлайн олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.

Made on
Tilda