БІЗ БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ҚҰРАМЫЗ

Бала мен балабақша: Болашаққа бастар алғашқы баспалдақ
Бала — кез келген мемлекеттің жарқын болашағы, өмірдің мәні мен сәні. Оның дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы тәрбие бесігі отбасы болса, екінші үлкен әлеуметтік мекені — балабақша. «Балабақша» деген сөздің өзінде терең мағына жатыр. Өйткені мұнда жас өскіндер гүл сияқты бапталып, мәпеленіп, өмірдің үлкен жолына дайындалады. Бала мен балабақша арасындағы байланыс — адам өміріндегі ең қызықты әрі маңызды кезеңдердің бірі.