«Жас ғалым-2023» байқауы Алматы қаласында өтті. Мақсаты: Оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық белсенділікті дамыту, болашаққа деген ұмтылысты ояту. Ғылыми жобада 3-Б сынып оқушысы Хусанов Руслан Рустамұлы қатысты. Жетекшісі: Тажиева Назира Сулайманқызы. Ғылыми жоба тақырыбы: «Ұлттық мінез-құлық: Қасиетті сандардың құпиясы». Жоба нәтижесінде «Жаңа Қазақстанның құрылуына үлес қосушы» төсбелгісімен және грамота мен марапатталды.