Новости (каз)

11-сынып оқушыларының Ахмет Ясауи университетіне саяхаты

Яссауи ЖББМ-нің 11-сынып оқушылары Түркістан қаласында орналасқан Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-ға студенттік өмірмен танысу және кәсіби бағдар алу мақсатында саяхат жасады. Бұл саяхат барысында олар көптеген пайдалы ақпарат алып, өздеріне үлкен мотивация жинады. Осы үшін университет ұжымына және амбассадорларға алғысымызды білдіреміз. Олар өз уақыттарын аямай, оқушылармен білімі мен тәжірибесін бөлісті.
Made on
Tilda